3) объектінің 2 апталық жүктеп алу нәтижелері бойынша ВАК белгілеген ең аз check-in санын жүргізбеу фактісінің анықталуы;
4) карантин режимін бұзу материалдары бойынша анықталған рұқсат беру құжаттарының болмауы (эпидемиялық мәні жоғары объектінің сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды немесе эпидемиялық мәні елеусіз объектілер қызметінің басталғаны туралы хабарлама).
2. «Ashyq» жобасына қатысушы мониторингтік топ анықтаған қолданыстағы жұмыс алгоритмін бұзған кезде, сондай-ақ осы қосымшаның 1-тармағының 2) және 4) тармақшаларында көрсетілген негіздер бойынша ЖАО:
- қатысушыны жобадан 1 апта мерзімге шығарады;
- қайта бұзу қатысушыны жобадан 2 апта мерзімге шығарады;
- үшінші рет бұзу кезінде қатысушыны жобадан 1 ай мерзімге шығарады.
3. ЖАО жосықсыз қатысушылардың ресми тізімін InfoКazakhstan.kz. электрондық платформасына QR-кодты өшіру үшін жібереді.
Бас мемлекеттік
санитариялық дәрігерінің
2021 жылғы «31» желтоқсандағы
№ 56 қаулысына
4-қосымша
«Ashyq» жобасына қатысатын әлеуметтік-экономикалық объектілердің қызметін шектеу
өлшемшарттары
«+» - қызметіне рұқсат етілген;
«✓» - қызметіне ішінара рұқсат етілген (шектеулермен);
«-» - қызметіне тыйым салынған;
* - толтыруға қойылатын талаптар ҚР БМСД-ның 2021 жылғы 2 қыркүйектегі № 38 қаулысымен бекітілген объектілерге қойылатын талаптарда айқындалған.
** - банкет залдары ас беруді өткізу үшін және мейрамханалар, дәмхана типі бойынша келушілерге қызмет көрсету үшін жұмыс істейді.
*** - облыстық және республикалық маңызы бар қалаларда сағат 9-00-ден 20.00-ге дейін жұмыс режимімен ХҚКО-ның кезекші бөлімшелерін ұйымдастыруға жол беріледі;
**** - тұрғын үй ғимараттарының үй-жайларында және тұрғын үй құрылысы аумақтарында шу көтерілетін объектілердің қызметі сағат 22-ден таңғы 9-ға дейін, ойын-сауық мекемелерінде - жұмыс күндері сағат 22-ден таңғы 9-ға дейін, демалыс және мереке күндері сағат 23-тен таңғы 10-ға дейін шектеледі («Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2020 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Кодексінің 113-бабының 7 және 8-тармақтарына сәйкес).
Қазақстан Республикасының
Бас мемлекеттік санитариялық
дәрігерінің
2021 жылғы «31» желтоқсандағы
№ 56 қаулысына
5-қосымша
Қауіпсіз «жасыл» мәртебе бар болған кезде «Ashyq» жобасына қатысатын
әлеуметтік-экономикалық объектілер қызметінің өлшемшарттары
* - толтыруға қойылатын талаптар ҚР БМСД-ның 2021 жылғы 2 қыркүйектегі № 38 қаулысымен бекітілген объектілерге қойылатын талаптарда айқындалған;
** - тұрғын үй ғимараттарының үй-жайларында және тұрғын үй құрылысы аумақтарында шу көтерілетін объектілердің қызметі сағат 22-ден таңғы 9-ға дейін, ойын-сауық мекемелерінде - жұмыс күндері сағат 22-ден таңғы 9-ға дейін, демалыс және мереке күндері сағат 23-тен таңғы 10-ға дейін шектеледі («Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2020 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Кодексінің 113-бабының 7 және 8-тармақтарына сәйкес).
Қазақстан Республикасының
Бас мемлекеттік санитариялық
дәрігерінің
2021 жылғы «31» желтоқсандағы
№ 56 қаулысына
6-қосымша
«Ashyq» көшбасшылары» мәртебесін беру алгоритмі
1. «Ashyq» көшбасшылары» мәртебесі осы қосымшаға схемаға сәйкес «Ashyq» көшбасшылары» мәртебесін беру өлшемшарттары бойынша жобаға қатысушыларға беріледі.
2. «Ashyq» көшбасшылары» мәртебесін беру үшін жобаға қатысушылардың тізімін ЖАО-ы қалыптастырады.
3. ЦДИАӨМ-і ЖАО-ға жобаға қатысатын объектілерде (2 апталық кезеңде) QR-код (check-in) бойынша келушілерді тіркеу саны бойынша мәліметтерді (жүктеп алуды) ұсынуды қамтамасыз етеді.
4. «Ashyq» көшбасшылары» мәртебесін жобаға қатысушыларға беру ВАК-тың шешімімен тізім бойынша бекітіледі. «Ashyq» көшбасшылары» мәртебесінің қолданылу ұзақтығы - 2 апта.
5. «Ashyq» көшбасшылары» мәртебесін алған жобаға қатысушылардың тізімі әкімдіктің сайтында орналастырылады.
6. «Ashyq» көшбасшылары» мәртебесін алған жобаға қатысушыға мынадай жеңілдіктер беріледі:
1) «қызыл» аймақтағы жобаға қатысушылар «сары» аймақтың талаптары бойынша жұмыс істейді;
2) «сары» аймақтағы жобаға қатысушылар «жасыл» аймақтың талаптары бойынша жұмыс істейді;
3) «жасыл» және «қоңыр қызыл» аймақтардағы жобаға қатысушыларға қосымша жұмыс режимі 2 сағатқа қосымша ұзартылады, сондай-ақ объектіні толтыру 10%-ға артады;
4) тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар адамдарды, соңғы 3 ай ішінде ауырып сауыққан адамдарды қоспағанда, жұмыскерлердің (персоналдың) кемінде 90%-ы бірінші компонентпен вакцинациялау кезінде, объектінің толтырылуы 20%-ға артады.
6-қосымшаға схема
«Ashyq» көшбасшылары» мәртебесін беру өлшемшарттары
Ескертпе. «Қоңыр қызыл» аймақта жұмыс істейтін объектілер үшін тіркелу саны «минус 20%» есебінен белгіленеді.